SDU университетінде Қарасай ауданы Жастар ресурстық орталығының қатысуымен «Қауіпсіздік күні» іс-шарасы өтті.
Іс-шара барысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы мен «Заң мен тәртіп» қағидатының маңыздылығы түсіндіріліп, қоғамдық тәртіпті сақтау, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау және қауіпсіз қоғам қалыптастыру мәселелері қозғалды.
Сонымен қатар, төтенше жағдайлардың алдын алу және қауіп туындаған жағдайда дұрыс әрекет ету бойынша оқу-жаттығу жұмыстары ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, экологиялық мәдениетін қалыптастыру және төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік дағдыларын жетілдіру.

