Қарасай ауданында Ұлы Жеңіс күні ұлықталып, ерлік ісімен қаза тапқан батырларға құрмет көрсетілді. Айтулы күннің басқосуы Қаскелең қаласының орталық алаңында басқосумен басталды. Мерекелік шараға аудан әкімі Жасұлан Естенов, құқық қорғау органдарының өкілдері, мәслихат депутаттары, бірқатар мекеменің басшылары, Ауған соғысының, «Таулы Қарабақ» қақтығысының ардагерлері және Чернобыль апатына қатысқан азаматтар қатысты. Жиналған көпшілік алдымен бір минут үнсіздікпен …
Алматы облысында үш күнге созылған «Тазалық күндері» акциясына 39 мыңға жуық өңір тұрғыны қатысып, туристік бағыттардағы демалыс орындарынан 760 тоннадан астам қоқыс жинады. Бүгін өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев Қаскелең шатқалында өткен сенбілік барысында үш күн бойы тазалық жұмыстарына белсенді қатысқан азаматтарға алғысын білдірді. Қорытынды шарада акцияға ерекше үлес қосқан азаматтар мен ұйымдар түрлі номинациялар бойынша …
Қарасай ауданында Қаскелең шатқалында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «Тазалық күні» акциясы өтуде. Шараға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов, зиялы қауым өкілдері, еріктілер мен аудан тұрғындары қатысуда. Акция барысында шатқал аумағын тазарту, қоқыс жинау және табиғи ортаны сақтау бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, 500 түп ағаш отырғызылып, шараға 500 …
Татулықты ту еткен біздің мемлекетіміз – жүзден астам ұлт пен ұлысты береке-бірлікте біріктіріп, ырысты ынтымағын жарастырып отырған қасиетті өлке. Күллі әлемге мәдениетімізбен мақтанып, тарихымызбен таңғалдырып, азаттығымызды айқындайтын ана тілімізбен төрткүл дүниенің назарындамыз. Біздің ел, тіпті, бейбітшілігімізбен басқа елдерге үлгі болып отыр десек, артық айтқандық емес. Себебі қазақ жерін мекендеген өзге ұлт өкілімен достығымыз нығайып, жақын …
2026 жылдың 22 сәуірі күні Қарасай ауданы, Қаскелең қаласындағы «Келешек» мектебінде «Заңды білу – міндетің» тақырыбында ашық диалог алаңы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында білім беру ұйымдарының өкілдері Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі қағидаттары, оның білім беру жүйесіндегі рөлі, сондай-ақ жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беру мәселелері төңірегінде пікір алмасты. Кездесу аясында оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын құрметтеу …
16 апреля 2026 года в стенах SDU University в городе Каскелен состоялась торжественная церемония открытия официального тестового центра IELTS on Computer, реализованного совместно с организацией IDP IELTS Kazakhstan. Данная инициатива является стратегически важным проектом, направленным на развитие международной экзаменационной инфраструктуры и повышение доступности качественного образования в регионе. В мероприятии приняли участие руководство SDU University во …
2026 жылғы 16 сәуірде Қаскелең қаласындағы SDU University қабырғасында халықаралық деңгейдегі маңызды білім беру оқиғасы – IDP IELTS Kazakhstan ұйымымен бірлесіп жүзеге асырылған IELTS on Computer ресми тестілеу орталығының ашылу салтанаты өтті. Бұл бастама өңірдегі жоғары білім мен халықаралық емтихан инфрақұрылымын дамытуға бағытталған стратегиялық жоба болып табылады. Іс-шараға SDU University басшылығы ректор Әлімжан Игенбаевтың жетекшілігімен, …
Бүгін «Таза Қазақстан» акциясы аясында аудан көлемінде сенбілік жұмыстары өткізілді. Іс-шараға тұрғындар, мекеме қызметкерлері және еріктілер белсенді қатысып, көшелер мен қоғамдық орындарды тазалау, қоқыс жинау, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сенбілік барысында айналаны көркейтуге ерекше көңіл бөлініп, ағаш отырғызу, жасыл аймақтарды күтіп-баптау жұмыстары да атқарылды. Мұндай шаралар экологиялық мәдениетті қалыптастырып, тұрғындарды тазалықты сақтауға үндейді.
Қарасай ауданында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына мониторинг күшейтілді Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов берген тапсырмаға сәйкес, Қарасай ауданы Қаскелең қаласында орналасқан «Достар» базарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және сауда үстемесін бақылау мақсатында арнайы мониторингтік шара ұйымдастырылды. Іс-шараға аудандық кәсіпкерлік бөлімі, мемлекеттік кірістер органдары, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметі, полиция басқармасы және төтенше жағдайлар …
Бүгін Іле ауданында республикалық абаттандыру бағдарламасы аясында «Таза өлке – таза жер» атты ауқымды экологиялық акция өтті. Шараның негізгі нысандарының бірі «Үш ұрпақ» ескерткішінің аумағы болды. Мұнда зиялы қауым өкілдерімен бірге Іле ауданының мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен еріктілер бірлесе еңбек етті. Акция өңірлік және республикалық БАҚ өкілдерінің назарын аударды. Сұхбат барысында қатысушылар «Үш ұрпақ» монументінің …









