2026 жылдың 22 сәуірі күні Қарасай ауданы, Қаскелең қаласындағы «Келешек» мектебінде «Заңды білу – міндетің» тақырыбында ашық диалог алаңы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында білім беру ұйымдарының өкілдері Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі қағидаттары, оның білім беру жүйесіндегі рөлі, сондай-ақ жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беру мәселелері төңірегінде пікір алмасты.
Кездесу аясында оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын құрметтеу және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру бағытындағы маңызды ойлар ортаға салынды.
Заңды құрметтеу – құқықтық мемлекеттің берік негізі, ал құқықтық тәрбие – саналы ұрпақ қалыптастырудың маңызды тетігі.

