Бүгін Қаскелең қаласындағы аудандық Мәдениет үйінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 28 қазанда жариялаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіруге арналған кездесу өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Қайырхан Серікұлы Тұтқышбаев, «Әділет» партиясынан Қазақстан Республикасы Құрылтайының I шақырылымының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Арман Серікұлы Жансенгіров және Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі …
Қарасай ауданы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен қазақ әдебиетінің көрнекті шығармаларының бірі – Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабын талқылауға арналған әдеби кеш өтті. Кеш барысында қатысушылар шығарма желісін талқылап, кітаптағы ұлттық тәрбие, салт-дәстүр, отбасы құндылықтары мен адамгершілік қасиеттері туралы ой бөлісті. Кітап – рухани байлықтың қайнар көзі. Оқырман ұрпақ – ұлт болашағы!
Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті дамыту – қоғамның жаңа мүмкіндіктерге қадам басуы. Цифрландыру – тиімділік пен қолжетімділікке жол. Жасанды интеллект – инновация мен дамудың жаңа бағыты. Заманауи технологияларды тиімді пайдалану арқылы қызмет көрсету сапасын арттырып, уақытты үнемдеп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашамыз. Цифрлық даму – жарқын болашақтың негізі!
Үшқоңыр су шаруашылығы колледжінің студенттерімен «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында құқықтық түсіндіру және профилактикалық кездесу өтті. Кездесуге Қарасай аудандық ішкі істер бөлімінің ҚПБ аға жедел уәкілі, полиция капитаны Ж.А. Косимбетов және жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты А. Берікқажы қатысты. Іс-шара барысында заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың, буллинг пен бопсалаудың алдын алу, қоғамдық тәртіпті …
31 қазан – Ұлттық алкогольден бас тарту күні қарсаңында С.Жандосов атындағы кәсіптік – техникалық колледжінің 50 студентінің қатысуымен профилактикалық кездесу өткізілді. Іс-шараға Қарасай ауданы Жастар ресурстық орталығының психолог маманы Ақнұр Ақылбекқызы, ювеналдық полиция басқармасының полиция лейтенанты Ержан Азирбаев және клиникалық көп бейінді ауруханасының нарколог дәрігері Ақмарал Жалғасқызы қатысты. Кездесу барысында алкогольдің адам денсаулығы мен психологиялық …
Қарасай ауданында аудан әкімінің орынбасары Азамат Серікұлының қатысуымен «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасын іске асыру мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті. Жиын барысында жобаны жүзеге асыру барысы талқыланып, алдағы міндеттер айқындалды. Сонымен қатар, тиісті бөлімдерге нақты тапсырмалар беріліп, жобаны тиімді іске асыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізу міндеттелді. Басты мақсат – аудан тұрғындары арасында кітап оқу мәдениетін …
Бүгінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналып келеді. Цифрландыру мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттырып, білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және экономика салаларының дамуына жаңа мүмкіндіктер ашуда. Жасанды интеллектіні дамыту – инновациялық технологияларды енгізудің, еңбек өнімділігін арттырудың және еліміздің цифрлық әлеуетін нығайтудың маңызды бағыты.
Қарасай ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ақылбек Бексұлтан Жібек жолы ауылдық округінің тұрғындарымен кезекті есептік кездесуін өткізді. Округте жаңа өндіріс орындарын ашу және инфрақұрылымды дамыту бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, Жібек жолы ауылында «Caspian Beverage Holding» алкогольсіз сусындар зауытын салуға дайындық жүргізілсе, Тұрар ауылында «GLOBAL LOGISTIC COMPANY» ЖШС-і құс фабрикасының құрылысын жүргізуде. Сонымен қатар …
2026 жылы 29-31 қазан аралығында Карасай ауданы аумағында «Демалыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның мақсаты – мектеп демалысы кезінде кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, балалардың қараусыз қалуы мен ересектердің бақылауынсыз жүруіне жол бермеу.
Қарасай ауданында Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық сауаттылығын арттыру және жастар тәрбиесіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Кездесу аясында қатысушылар өзара пікір алмасып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар бойынша ұсыныстарын ортаға салды.










