Бүгінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналып келеді. Цифрландыру мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттырып, уақытты үнемдеуге және халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Жасанды интеллект пен инновациялық шешімдерді дамыту – экономиканың өсуіне, еңбек өнімділігінің артуына және жаңа мүмкіндіктердің қалыптасуына жол ашады. Цифрлық сауаттылықты арттыру және заманауи технологияларды тиімді пайдалану – болашаққа …
5 қазаннан бастап Қарасай ауданының аумағында «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғын үйлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мүліктік қылмыстардың алдын алу және азаматтарға қауіпсіздік шараларын түсіндіру. Полиция қызметкерлері аудан тұрғындарымен профилактикалық кездесулер өткізіп, тұрғын үйлердің қауіпсіздігін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Бөтен адамдарға есік ашпаңыз, үй-жайларды қараусыз қалдырмаңыз. Үйдің қауіпсіздігін арттыру мақсатында …
Елтaй ауылдық округінде абаттандыру және тазалықты сақтау мақсатында сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық шарасына Елтай жайлы мектебінің еріктілері, М. Бейсебаев атындағы орта мектептің жас мамандары, Елтай ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері, ауыл тұрғындары, сондай-ақ кішкентай еріктілер де белсене қатысты. Сенбілік барысында ауыл аумағы тазартылып, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға бағытталған жұмыстар жүргізілді. Туған жердің көркеюіне үлес қосып, тазалық …
Қарасай ауданының дене шынықтыру және спортты дамыту орталығы мен Қарасай аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Ұстаздар күніне орай білім беру саласының қызметкерлері арасында спорттық іс-шара өткізілді. Шараның негізгі мақсаты – ұстаздар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылықты арттыру және әріптестер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту. Спорттық іс-шара барысында қатысушылар баскетболдан ерлер және әйелдер командалары арасында, …
Шамалған ауылында Шамалған ауылдық округінің әкімі Нұрсұлтан Джолдаспековтың Айқым және Шамалған ауылдарының тұрғындарымен есеп беру кездесуі өтті. Кездесу барысында 2026 жылдың екінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстар қорытындыланып, ауылдардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, абаттандыру, инфрақұрылым және басқа да өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер берілді.
Мемлекеттік қызмет – жоғары жауапкершілікті талап ететін сала. Әрбір шешім мен көрсетілген қызмет азаматтардың мемлекетке деген сеніміне ықпал етеді. Сондықтан мемлекеттік қызметші үшін кәсіби біліктілікпен қатар, әдеп нормаларын сақтау да маңызды. Әдеп кодексі азаматтардың құқықтарын құрметтеуді, заң талаптарын сақтауды, әділ шешім қабылдауды және қызметтік өкілеттікті жеке мақсатқа пайдаланбауды көздейді. Мемлекеттік органның жұмысына берілетін баға көбіне …
Ағымдағы жылдың 24-26 қыркүйек күндері Қарасай ауданындағы «Үшқоңыр» және «Нұр-Аман» спорт кешендерінде спорттың бірнеше түрінен «ALATAU LIGASY–2026» облыстық жарысының II кезеңі (Оңтүстік аймақ) өтті. Аталған жарысқа облыс өңірлерінен 20 команда және 240-қа жуық спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер төмендегідей анықталды.
Қарасай ауданы, Қаскелең қаласында «Әділет» партиясының белсенділері мен «Әділет» партиясының жастары, полиция қызметкерлері және парыз еріктілерімен бірлесіп, рейдтік іс-шара өткізді. Іс-шараның басты мақсаты — жастар арасында заң мен тәртіпті сақтау мәдениетін қалыптастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жасөспірімдерге құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Рейд барысында қоғамдық орындардағы тәртіпке назар аударылып, жастарға заң …
Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Қарасай аудандық филиалында В2-8 ортадан жоғары деңгейдегі топ тыңдаушыларымен сабақ барысында Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына арналған танымдық іс-шара өткізілді. Сабақтың негізгі мақсаты – ұлы ағартушы, ұстаз, жазушы әрі этнограф Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығын дәріптеу, оның қазақ даласына білімнің шырағын жаққан тарихи тұлға ретіндегі еңбегін таныту және шығармашылық мұрасын …
Қоршаған ортаның тазалығын сақтау және елді мекеннің көрікті келбетін қалыптастыру мақсатында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шара барысында аумақтар қоқыстан тазартылып, абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Туған жеріміздің тазалығы – баршамызға ортақ міндет. Әрбір азамат өз ауласы мен айналасын таза ұстауға үлес қосса, қоршаған ортамыз да көркейе түседі.










