Елтaй ауылдық округінде абаттандыру және тазалықты сақтау мақсатында сенбілік ұйымдастырылды.
Тазалық шарасына Елтай жайлы мектебінің еріктілері, М. Бейсебаев атындағы орта мектептің жас мамандары, Елтай ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері, ауыл тұрғындары, сондай-ақ кішкентай еріктілер де белсене қатысты.
Сенбілік барысында ауыл аумағы тазартылып, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға бағытталған жұмыстар жүргізілді. Туған жердің көркеюіне үлес қосып, тазалық шарасына атсалысқан барша қатысушыларға алғыс білдіреміз!

