Қарасай ауданының дене шынықтыру және спортты дамыту орталығы мен Қарасай аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Ұстаздар күніне орай білім беру саласының қызметкерлері арасында спорттық іс-шара өткізілді. Шараның негізгі мақсаты – ұстаздар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылықты арттыру және әріптестер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту.
Спорттық іс-шара барысында қатысушылар баскетболдан ерлер және әйелдер командалары арасында, волейболдан және үстел теннисінен бақ сынады. Жарыс жоғары деңгейде өтіп, ұстаздар өздерінің спорттық шеберліктері мен командалық бірлігін көрсетті.

