Шамалған ауылында Шамалған ауылдық округінің әкімі Нұрсұлтан Джолдаспековтың Айқым және Шамалған ауылдарының тұрғындарымен есеп беру кездесуі өтті.
Кездесу барысында 2026 жылдың екінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстар қорытындыланып, ауылдардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, абаттандыру, инфрақұрылым және басқа да өзекті мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер берілді.

