Қарасай ауданы, Қаскелең қаласында «Әділет» партиясының белсенділері мен «Әділет» партиясының жастары, полиция қызметкерлері және парыз еріктілерімен бірлесіп, рейдтік іс-шара өткізді.
Іс-шараның басты мақсаты — жастар арасында заң мен тәртіпті сақтау мәдениетін қалыптастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жасөспірімдерге құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Рейд барысында қоғамдық орындардағы тәртіпке назар аударылып, жастарға заң талаптарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін білу және жауапкершілікті сезіну жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

