Қоршаған ортаның тазалығын сақтау және елді мекеннің көрікті келбетін қалыптастыру мақсатында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында аумақтар қоқыстан тазартылып, абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді.
Туған жеріміздің тазалығы – баршамызға ортақ міндет. Әрбір азамат өз ауласы мен айналасын таза ұстауға үлес қосса, қоршаған ортамыз да көркейе түседі.

