Қарасай ауданының Мансап орталығы ұжымымен Шамалған ауылдық округінің Ақсақалдар кеңесі мен Ауған соғысы ардагерлері кеңесі өкілдерінің қатысуымен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру, онда белгіленген ел дамуының басым бағыттары мен халықтың әл-ауқатын арттыруға, қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған міндеттерді талқылау болды.
Кездесу барысында Ақсақалдар кеңесі мен Ауған соғысы ардагерлері кеңесінің өкілдері Жолдаудың негізгі қағидаларын түсіндіріп, азаматтық жауапкершіліктің, отансүйгіштіктің және Мемлекет басшысы айқындаған міндеттерді іске асыруға әрбір азаматтың белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара сындарлы әрі іскерлік жағдайда өтіп, пікір алмасуға және өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.

