«Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қызмет саласында адалдық пен парасаттылық құндылықтарын нығайту мақсатында Қарасай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ұжымымен ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.
Іс-шараға спикер ретінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Мұхамедияров Дархан Нұртілеуұлы қатысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі талаптары, қызметтік әдеп нормалары, мүдделер қақтығысының алдын алу және мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру, қызметтік міндеттерді адал атқару, заңдылық пен ашықтық қағидаттарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

