Астана қаласында қазақтың ұлы ағартушысы, педагог-жазушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай «Бірге оқиық» атты ауқымды әдеби акция ұйымдастырылды.
Республикалық деңгейде өткен тағылымды бастаманы қолдау мақсатында Каскелең қалалық кітапханасы мен аудандық Мәдениет үйінің қызметкерлері бірлесе отырып, әдеби акцияға белсене қатысты.
Акцияның басты мақсаты – Ыбырай Алтынсариннің бай әдеби мұрасын насихаттау, оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, өскелең ұрпақтың бойына адамгершілік пен білімге деген құштарлықты қалыптастыру.
Шара аясында ұлы ағартушының үш құнды шығармасы бір мезгілде оқылды:
1. «Таза бұлақ»;
2. «Бай баласы мен жарлы баласы»;
3. «Қыпшақ Сейітқұл».

