«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Шамалған ауылдық округі әкімдігінің қызметкерлері ауыл аумағында сенбілік жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты — қоршаған ортаның тазалығын сақтау, ауыл аумағын абаттандыру және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Сенбілік барысында әкімшілік ғимаратының айналасы мен оған іргелес аумақтар тазартылып, қоқыстар жиналып, тазалық жұмыстары атқарылды.
Туған жердің тазалығы мен көркеюі — баршамызға ортақ жауапкершілік. Таза әрі жайлы ауыл қалыптастыру жолындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

