Қарасай ауданында кадрлық әлеуетті арттыру жұмыстары жалғасын тауып, осы аптада аудандық әкімдікте кезекті маңызды кадрлық ауыс-түйіс орын алды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» №152 Жарлығына және аудан әкімінің №36 жеке құрам бойынша өкіміне сәйкес, Нұрғалиев Мақсұт Сұлтанғазыұлы Қарасай ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Аптаның сәрсенбісі күні өткен …
Жамбыл ауылдық округінде таяуда өткен әкім сайлауы өз мәресіне жетіп, дауыс беру нәтижесі бойынша Омербаев Еламан Саматұлы округ әкімі болып қайта сайланды. Округ басшысы өз қызметіне ресми түрде аптаның сейсенбісі күні кірісті. Халықтық дауыс беру қорытындысы бойынша бұған дейін округті табысты басқарып келген Еламан Омербаев тұрғындардың зор сеніміне ие болып, қайтадан әкім болып сайланды. Аудан …
Жуырда Қарасай ауданында өңірдің қоғамдық-саяси өмірі үшін маңызды саяси науқан өтті. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін нығайтуға бағытталған саяси науқан аясында аудан орталығы Қаскелең қаласы әкімінің сайлауы болды. Тұрғындардың белсенді қатысуымен өткен науқан нәтижесі бойынша Қаскелең қаласының әкімі лауазымына Абылай Зуайда сайланды. Сейсенбі күні жаңа басшы ресми түрде қызметіне кірісті. Қаскелең қаласындағы сайлауда еңбек жолының басым …
Өткен аптаның жексенбісі күні Бірінші Май ауылдық округі әкімінің сайлауы өтіп, жергілікті халық дауыс беру арқылы өз таңдауларын жасады. Нәтижесінде ауыл тұрғындарына етене жақын, талай жыл аталған ауылдық округтің әкімдігінде қызмет атқарып келген Хизат Молдыбаев ауылдастардың сеніміне ие болған еді. Осы аптаның сейсенбісі күні Хизат Нұрәділұлын аудан әкімінің орынбасары Адис Сейдакматов ауылдың белсенділеріне және әкімдіктің …
Өткен аптаның жексенбісі күні ауданға қарасты Жандосов ауылдық округінде әкімнің сайлауы болған еді. Маңызды саяси науқанға округ тұрғындары белсенділік танытып, таңертеңнен бастап сайлау учаскелеріне барып, өз таңдауларын жасады. Дауыс беру нәтижесіне сүйенсек, халықтың сеніміне 2022 жылдан бері аталған округті басқарып келген Алмас Жамбауов ие болды. Осылайша, Алмас Жамбауов «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының …
Осы аптаның сәрсенбісі күні Қарасай ауданына жаңа прокурор тағайындалып, соған байланысты аудан әкімдігінде жиын өтті. Басқосуға Қарасай ауданы әкімінің міндетін атқарушы Бексұлтан Ақылбек төрағалық етіп, аудан активіне, мәслихат депутаттарына, зиялы қауым өкілдеріне, сондай-ақ бөлімдер мен мекемелердің басшыларына Қарасай ауданына жаңа прокурор тағайындалғаны жайлы хабардар етті. Алдымен сөз кезегі Алматы облысы прокурорының орынбасары Абылайхан Оңдасынға беріліп, …
Аптаның алғашқы күні аудандық әкімдіктің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Жасұлан Естеновтің төрағалығымен аппараттық кеңес жиыны өтті. Басқосу барысында аудан басшысы өзінің жаңа орынбасары Нұрлан Төлепбергенді таныстырды. Жауапты лауазымға тағайындалған Нұрлан Асқарұлы осы уақытқа дейін құрылыс саласына қатысы бар мекемелерде еңбек еткендіктен, алдағы уақытта сәулет және қалақұрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы, сондай-ақ …
Қарасай ауданында үш жылдан астам жемісті қызмет еткен Жәнібек Жақаев Бас Прокурордың бұйрығымен Алматы облысының орталығы – Қонаевтың прокуроры болып тағайындалды. Ал осы қалада заң қадағалаушы органда істеген Айдос Шорманов осы аптадан бастап Қарасай ауданының прокуроры қызметіне ауысты. Прокурорлардың бірімен қоштасып, екіншісімен танысу үшін аудан әкімдігінде жиын өтті. Оған Алматы облыстық прокурорының бірінші орынбасары Қанат …








