Қарасай ауданының ювеналды полиция басқармасының ұйымдастыруымен және Жастар орталығының қатысуымен Жедел профилактикалық түнгі рейд жұмыстарын жүргізді. Рейд барысында Қарасай ауданы Жібек жолы ауылдық округі аумағындағы компьютерлік клубтарға, ойын сауық кешендеріне тексеру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілдерінің немесе ата-аналарының қарауынсыз жүру жағдайлары бақылауға алынды. Рейд нәтижесінде сағат 22:00-ден кейін ата-анасының …
Әйтей ауылдық округінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Таза Бейсенбі» сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Сенбілікке Әйтей ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары, «Әділет» партиясының мүшелері және округ ардагерлері белсене қатысты. Іс-шара барысында ауыл аумағын абаттандыру, тазалық жұмыстарын жүргізу және қоршаған ортаны көркейту бағытында жұмыстар атқарылды. Тазалық – ортақ міндет! Туған жерімізді таза әрі көрікті ұстау – баршамызға ортақ …
Отбасы – тек бір шаңырақтың астында өмір сүру емес. Отбасы – өзара сыйластық, қамқорлық, ізгілік және үлкеннен кішіге берілетін құндылықтардан басталады. Қарасай ауданының «Көкөзек ауылындағы жайлы мектеп» » КММ-де қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері мен отбасылық тәрбиесін дәріптеуге арналған «Салтпен сырласқан сырлы ғұмыр» атты тәрбиелік іс-шара өтті. Іс-шара барысында халқымыздың дәстүрлі «Беташар» рәсімі көрсетіліп, оның тәрбиелік …
Күн тәртібінде аудан тұрғындарының қауіпсіздігіне тікелей қатысты бірқатар мәселе қаралды. Атап айтқанда, құқықбұзушылыққа бейім азаматтармен жұмыс, жазасын өтеп шыққан азаматтарды қайта әлеуметтендіру, жол қауіпсіздігі және қоғамдық көлік мәселелері сөз болды. Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың түнгі уақыттағы қауіпсіздігін күшейту, заңсыз алкоголь саудасының жолын кесу және қауіпті учаскелерге бейнебақылау орнату бойынша ұсыныстар қарастырылды.
Қарасай ауданы Жастар ресурстық орталығы «Таза Қазақстан – таза болашақ» акциясы аясында «Жасыл ел» еңбек жасақтарымен бірлесе отырып, Қаскелең қаласының саябақ аумақтарында тазалық жұмыстарын жүргізді. 🌿 Іс-шара барысында жастар саябақ аумақтарын қоқыстан тазартып, абаттандыру және көркейту жұмыстарына белсенді атсалысты. Қоршаған ортаның тазалығын сақтау – әр азаматтың ортақ міндеті екенін насихаттай отырып, жастарды табиғатты аялауға және …
Л.Н.Толстой атындағы орта мектебінде Қарасай аудандық ПБ-ның КҚБ ЮПТ инспекторы, полиция майоры Ж.Темірханова, полиция капитаны Төкен Е.С., криминалды полициясы бөлімінің аға жедел полиция майоры Т.А.Сатыбалдин 9,10,11 сынып оқушылары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, буллинг, нашақорлық тақырыптарында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтың, буллинг пен нашақорлықтың алдын алу, қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыру.
Тазалық – қоршаған ортаға деген құрметтен басталады. Табиғатты аялау, көшелерді таза ұстау, қоқысты арнайы орындарға тастау – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі. Таза орта – жай ғана әдемілік емес, ол – денсаулық, жайлы өмір және келер ұрпаққа қалдыратын аманат. Өз ауламыздан, өз көшемізден бастап тазалыққа үлес қосайық. 🌱 Табиғатты қорғайық! ♻️ Қоқысты сұрыптап, қоршаған ортаны таза …
Қарасай ауданы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жастары Қаскелең қаласы, Аскаров көшесі бойындағы арықтарда тазалық жұмыстарын жүргізді. 🌿 Іс-шара барысында жастар арық бойындағы шашылған қоқыстарды жинап, аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Сонымен қатар, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға және қала аумағын абаттандыруға өз үлестерін қосты. Аталған жұмыстар жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғатты қорғауға …
Үшқоңыр су шаруашылығы колледжінде жаңа оқу жылының басынан бастап жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында құқық қорғау органдарымен бірлескен жүйелі профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде. Аталған жұмыстар студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, заң талаптарын құрметтеуге, қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған. Атап айтқанда, буллингтің, күш көрсету мен қорқытудың, бопсалаудың және өзге де құқыққа қайшы әрекеттердің …
Қаскелең қаласында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Акция барысында қоғамдық орындар, көшелер мен аулалар тазартылып, қоршаған ортаның тазалығы мен көркеюіне бағытталған жұмыстар атқарылды. Таза ауыл – өзімізден басталады!










