Қазан айының бесі күні елімізде ең ардақты әрі беделді мамандық иелері – ұстаздар қауымының кәсіби мерекесі кең көлемде аталды. Ұрпақ тәрбиесі мен білім берудегі адал еңбегімен дараланған педагогтерді ұлықтау мақсатында Қарасай ауданында да сән-салтанаты келіскен мерекелік шара өтті. Оған аудан әкімі Жасұлан Естенов қатысып, ауданның білім беру саласын дамытуға сүбелі үлес қосып жүрген бір топ …
Жамбыл ауылдық округінде таяуда өткен әкім сайлауы өз мәресіне жетіп, дауыс беру нәтижесі бойынша Омербаев Еламан Саматұлы округ әкімі болып қайта сайланды. Округ басшысы өз қызметіне ресми түрде аптаның сейсенбісі күні кірісті. Халықтық дауыс беру қорытындысы бойынша бұған дейін округті табысты басқарып келген Еламан Омербаев тұрғындардың зор сеніміне ие болып, қайтадан әкім болып сайланды. Аудан …
Жуырда Қарасай ауданында өңірдің қоғамдық-саяси өмірі үшін маңызды саяси науқан өтті. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін нығайтуға бағытталған саяси науқан аясында аудан орталығы Қаскелең қаласы әкімінің сайлауы болды. Тұрғындардың белсенді қатысуымен өткен науқан нәтижесі бойынша Қаскелең қаласының әкімі лауазымына Абылай Зуайда сайланды. Сейсенбі күні жаңа басшы ресми түрде қызметіне кірісті. Қаскелең қаласындағы сайлауда еңбек жолының басым …
Аудан болғаннан кейін оның орталығы көрікті мекенге айналып, үлгі ретінде көзге көрінуі тиіс. Сондықтан мұндай мекеннің даму деңгейіне ерекше көңіл бөлінуі орынды деп білеміз. Осы тұрғыдан алғанда Қарасай жерінің орталығы болып табылатын Қаскелең қаласында жыл сайын оңды өзгерістер орын алып, инфрақұрылымы жақсарып келеді. Сондай жұмыстардың бірі ретінде орталық көшенің бойы жаяу жүргіншілер үшін қолайлы болуын …
Қоғам үшін орны бөлек Мәдениет үйінің басқа ғимараттардың ортасында мен мұндалап тұруы әрдайым жарасым табатыны сөзсіз. Өйткені руханияттың темірқазығы өнерді ұлықтауға, оны үйренуге, дәстүрді дәріптеуге тәрбиелейді. Сондықтан халық үшін мұндай назардағы нысанның маңызы зор. Соңғы уақытта Қарасай жерінде осындай өнер ошағына жақсы көңіл бөлініп, олардың қатарын арттыруға барынша күш салынуда. Соның айқын дәлелі ретінде қазір …
Цифрлық технологиялар – қоғамның дамуына серпін беріп, күнделікті өмірді жеңілдетудің маңызды құралы. Ал жасанды интеллект (ЖИ) жаңа идеяларды жүзеге асырып, қызмет көрсету сапасын арттыруға және уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Бүгінде цифрландыру арқылы мемлекеттік қызметтерді онлайн алу, ақпаратқа жылдам қол жеткізу және заманауи технологияларды тиімді пайдалану мүмкіндігі кеңейіп келеді. Цифрландыру мен ЖИ – инновацияға жол …
Қарасай ауданы Жастар ресурстық орталығы, Полиция басқармасы және «Отбасы банк» АҚ бірлесіп, «Алатау» сауда орталығында жастарға арналған «Express» жәрмеңкесін өткізді. Іс-шара барысында 50 ге жуық жастарға жұмысқа орналасу мүмкіндіктері мен бос жұмыс орындары ұсынылды.
Қарасай ауданы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Ұстаздар күніне орай жастар саясаты бағытында бірлесе жұмыс жасап, түрлі жобаларды жүзеге асырып жүрген білім саласының жас ұстаздарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, ізгі тілектерімізді білдіре отырып, Басқарма басшысының Алғыс хаттары табысталды. Ұстаз — ұрпаққа білім мен тәрбие беріп, ел болашағын қалыптастыратын ардақты мамандық иесі. Барша ұстаздарға еңбектеріңізге толағай табыс, шығармашылық …
Үшқоңыр су шаруашылығы колледжінің студенттері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында ұйымдастырылған «Таза Қазақстан — қалдықтан табыс тап!» атты 30 күндік экологиялық челленджге белсенді қатысты. Челлендж барысында студенттер қоршаған ортаның тазалығын сақтау, тұрмыстық қалдықтарды жинау және сұрыптау, қайта өңдеуге жарамды қалдықтарды тиімді пайдалану, сондай-ақ экологиялық жауапкершілікті арттыру бағытында жұмыстар жүргізді. Іс-шараның негізгі мақсаты — білім …
Қарасай ауданы ювеналды полиция басқармасы мен Жастар ресурстық орталығының бірлесуімен Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжінің жатақханасында профилактикалық тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеру барысында жатақхананың санитарлық және жалпы жағдайы қаралып, онда тұратын студенттердің тұрмыс-тіршілігімен танысу жүргізілді. Сонымен қатар студенттерге құқықтық сауаттылықты арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тексеру нәтижесінде анықталған мәселелер …










