Қарасай ауданы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Ұстаздар күніне орай жастар саясаты бағытында бірлесе жұмыс жасап, түрлі жобаларды жүзеге асырып жүрген білім саласының жас ұстаздарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, ізгі тілектерімізді білдіре отырып, Басқарма басшысының Алғыс хаттары табысталды.
Ұстаз — ұрпаққа білім мен тәрбие беріп, ел болашағын қалыптастыратын ардақты мамандық иесі. Барша ұстаздарға еңбектеріңізге толағай табыс, шығармашылық шабыт, мықты денсаулық және шәкірттеріңіздің биік жетістіктерін тілейміз!

