Алғашқы қар түскеннен кейін қыстық отынға қамданатынымыз жасырын емес. Бүгінгі таңда ауданда газ жүйесіне қосылғандардың саны көп болғанымен, табиғи отынды әлі де пайдаланатындар бар. Ал көмірмен қамтамасыз ету жағына келгенде бірден теміржолдың торабында орналасқан Жібек жолы ауылдық округіндегі тұйық орындардағы кәсіпкерлердің сауда-саттығына мән береміз.
Жергілікті әкімдіктің берген мәліметіне сүйенсек, қыстың ызғары ерте сезілсе де көмірге деген тапшылық байқалмайды. Ауылдық округте табиғи отынмен қамтамасыз етіп, сауда-саттығын жасап отырған 14 қойма бар болса, соның 11-і жұмыс істеп тұр. Олардың барлығын есепке алар болсақ, жалпы қоймада 3640 тонна көмір сақтаулы түр. Оның ішінде 2380 тоннасы – Қарағындадан келетін «Шұбаркөл» көмірі, 1260 тоннасы – Семейдің «Қаражырасы». Екеуінің де құны халыққа қолжетімді деуге болады. Бағалары шамамен 21500-23500 теңге аралығын қамтиды. Сонымен қатар қазіргі уақытта теміржолмен келетін 4730 тонна көмір күтілуде.
Өз тілшіміз.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
