Алматы облыстық партия филиалында Тұңғыш Президент күніне орай салтанатты қабылдау болды.
Филиал төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Төлендіұлы Сарыбаев Елбасы, партия Төрағасының егемен еліміздің тұрақты даму жолына қосқан сүбелі үлесі, жарқын болашаққа ұмтылдырған саяси аренадағы абыройлы орны туралы баяндама жасады.
Салтанатты қабылдауда партия жұмысында белсенділік танытқаны үшін, Қарасай ауданынан орталық аурухана директорының әдістемелік- ұйымдастыру жұмысы бойынша орынбасары Ақылбеков Марат Жақсыбайұлы марапатқа ие болды.