Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында азаматтарды сапалы әрі қолжетімді әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз етудің маңыздылығын ерекше атап өтті.
«Азаматтарымыз толыққанды әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтылуы керек. Бұл – халықтың тұрмыс сапасын көтерудің маңызды шарты», – деді Президент.
Осы бағытта Қарасай ауданында білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандарын дамытуға, инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға ерекше көңіл бөлінуде.
Халық санының өсуіне байланысты жаңа мектептер мен әлеуметтік нысандар салу, қолданыстағы ғимараттарды жаңарту және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.
Басты мақсат – әрбір тұрғынның сапалы білімге, медициналық қызметке және заманауи инфрақұрылымға қолжетімділігін қамтамасыз етіп, халықтың әл-ауқатын арттыру.

