12 қараша күні Көкөзек ауылындағы «Келешек мектебінің» базасында аудандық тәжірибелік семинар өтті.
Іс-шараға Алматы облысының Бала құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Дәулет Шайтұрсын, аудан әкімінің орынбасары Азамат Жандосов, бөлім басшысы Әсел Еркімбаева, полиция басқармасының өкілдері және аудан мектептерінен 61 бала құқығын қорғау өкілі қатысты.
Ашық диалог алаңында бала құқықтарын қорғау, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар оқушыларға арналған тәжірибелік алаңдар ұйымдастырылды.Бала

