Жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Каскелең қаласында көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Экологиялық акцияға мемлекеттік органдардың өкілдері, еңбек ұжымдарының мүшелері және жастар арасынан шыққан еріктілер белсенді қатысты. Іс-шара барысында қаланың орталық көшесі – Абылай хан даңғылының бойына барлығы 150 түп ағаш көшеті отырғызылды. Оның ішінде 100 қарағай мен 50 қайың бар. Сонымен қатар …
2026 жылғы 6 қарашада Астана қаласынан бастау алған республикалық «Бірге оқиық» әдеби акциясына Қарасай аудандық кітапханасы да үн қосты. Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына орай ұйымдастырылған акцияға Мәдениет колледжі, Аяжан, Қ. Гуманитарлық колледжінің студенттері мен Қарасай аудандық кітапханасының қызметкерлері қатысты.
Бүгінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналып келеді. Цифрландыру мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттырып, білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және экономика салаларының дамуына жаңа мүмкіндіктер ашуда. Жасанды интеллектіні дамыту – инновациялық технологияларды енгізудің, еңбек өнімділігін арттырудың және еліміздің цифрлық әлеуетін нығайтудың маңызды бағыты.
Мемлекет басшысының Жолдауында көтерілген әлеуметтік және экономикалық міндеттер халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған. Әсіресе, жаңа әлеуметтік нысандар салу, ауыл шаруашылығын қолдау және кәсіпкерлікке қолайлы жағдай жасау – өңірлер үшін аса маңызды мәселелер. Мұндай бастамалар жергілікті жерлерде нақты жүзеге асса, халықтың әл-ауқаты да арта түседі.Талдықорған қаласында өткен кездесудің маңызы зор. Себебі оған Үкімет өкілдері мен депутаттардың …
«Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында Қарасай ауданы жастар ресурстық орталығының психолог маманы Ақнұр Ақылбекқызы және Қарасай ауданы көп бейінді клиникалық ауруханасының нарколог дәрігерлері Айша Аманбайқызы, Ақмарал Жалғасқызының бірлесіп ұйымдастыруымен «САНАЛЫ ТАҢДАУ – АЛКОГОЛЬСІЗ ӨМІР!» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды. Кездесуге құрметті қонақ ретіде Алматы облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы Бақтығұлова Ғалия Мұратқызы, …
Шамалған ауылдық округі әкімдігі, Қарасай ауданының Мансап орталығы және EcoJurekAlmaty ұйымының негізін қалаушысының бірлесуімен Үшқоңыр тауында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты — қоршаған ортаның тазалығын сақтау, табиғатқа жанашырлықпен қарау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Сенбілік барысында қатысушылар тау бөктерін қоқыстан тазартып, туған өлкенің көркеюіне өз үлестерін қосты. Табиғатты қорғау — баршамызға ортақ міндет! Әрбір игі …
Толстой орта мектебінің оқушылары республикалық «Кітап оқитын ұлт» акциясын зор ықыласпен қолдайды! Біз үшін кітап оқу – тек тапсырма емес, бұл: •Дүниетанымды кеңейту; •Сөздік қорды байыту; Болашаққа жасалған үлкен қадам! Мектебіміздің оқушылары күн сайын көркем әдебиет әлеміне саяхат жасап, жаңа идеялар мен шабыт алуда. Өйткені оқыған ұрпақ – білімді әрі сәтті болашақтың кепілі!
Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті дамыту – қоғамның жаңа мүмкіндіктерге қадам басуы. Цифрландыру – тиімділік пен қолжетімділікке жол. Жасанды интеллект – инновация мен дамудың жаңа бағыты. Заманауи технологияларды тиімді пайдалану арқылы қызмет көрсету сапасын арттырып, уақытты үнемдеп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашамыз.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген міндеттерді халыққа кеңінен түсіндіру – маңызды жұмыстардың бірі. Қызылорда қаласында республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының кездесулер өткізуі осы бағыттағы жүйелі жұмыстың жалғасы деп білеміз. Әсіресе, зиялы қауым, азаматтық қоғам және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен ашық форматта пікір алмасудың маңызы зор.Мұндай кездесулерде ел дамуының басым бағыттары талқыланып, қоғамды толғандырған мәселелерге қатысты сұрақтар …
SDU University-де «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жастармен мазмұнды кездесу өтті. Қарасай ауданы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен кездесуге 200-ге жуық студент қатысып, құқықтық сауаттылықты арттыру, заң талаптарын сақтау және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелерін талқыладық. Кездесуге Алматы облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы Ғалия Бақтығұлова, Қарасай ауданы прокурорының орынбасары Расул Копбаев …










