Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті дамыту – қоғамның жаңа мүмкіндіктерге қадам басуы. Цифрландыру – тиімділік пен қолжетімділікке жол. Жасанды интеллект – инновация мен дамудың жаңа бағыты. Заманауи технологияларды тиімді пайдалану арқылы қызмет көрсету сапасын арттырып, уақытты үнемдеп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашамыз. Цифрлық даму – жарқын болашақтың негізі!
Қаскелең мәдениет колледжінде Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Дін және жастар» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге Алматы облысы Дін істері басқармасының «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» КММ маманы Балтабек Әділет Нұрланұлы қатысып, жастармен діни сауаттылық, рухани құндылықтар және теріс діни ағымдардың алдын алу мәселелерін талқылады.
Көкөзек ауылындағы орта мектебінде мектебінде 8-11 сынып оқушылары арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шараны Қарасай аудандық полиция басқармасы қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары — полиция капитаны Әділхан А.Е. және полиция майоры Набилаев Ж.Б. өткізді. Кездесу барысында оқушыларға «Заң және тәртіп» қағидаты, құқықбұзушылықтың алдын алу, есірткінің зияны және буллингтің алдын алу тақырыптары …
Қарасай ауданының аумағында Президенттің «Таза Қазақстан» акциясын қолдау мен оны өскелең ұрпаққа дәріптеу ісі ілгеріліп, түрлі экошаралар әр апта сайын өткізілуде. Соның айқын көріністерінің бірі – Елтай ауылындағы жайлы мектептің айналасында ағаштарды отырғызу. Мұндай игі бастамаға Оңтүстік Кореяның «KT&G» халықаралық компаниясы демеушілік жасаса, Қарасай ауданының әкімдігі өнегелі істі қолдап, мектеп аумағында экологиялық шараның өтуіне ұйытқы …
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады! Оның мәтінін Ақорда баспасөз қызметі жариялады. — Қымбатты отандастар! Баршаңызды ұлттық мерекеміз — Республика күнімен құттықтаймын! Бұл — мыңжылдықтардан тамыр тартатын қазақ мемлекеттілігінің қайта жаңғыруын айшықтайтын қастерлі мереке. Біз егемендік жылдарында талай сын-қатерді еңсеріп, биік белестерді бағындырдық. Осылайша, еліміздің іргесін бекемдеп, елдігіміздің тұғырын нығайта түстік. Қазақстан Тәуелсіздіктің …
Ұлт құндылығы мен мәдениеттің мән-мағынасы айшықталатын, дәстүр дәріптеліп, тарихтан сыр шертілетін Алматы облысындағы жарқын жобалардың бірі – «Ауылым – алтын бесігім» байқауы. Қала мен ауданның мәдениет күндері аясында ұйымдастырылатын бұл шара биыл да дәстүрінен жаңылмады. Алғашқысы Іле жерінде басталып, одан кейін көршілес аудандарда жалғасып жатты. Ал осы аптада қасиетті Қарасайда тойланып, сәрсенбінің сәтінде байқаудың комиссиясы …
Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті дамыту – қоғамның жаңа мүмкіндіктерге қадам басуы. Цифрландыру – тиімділік пен қолжетімділікке жол. Жасанды интеллект – инновация мен дамудың жаңа бағыты. Заманауи технологияларды тиімді пайдалану арқылы қызмет көрсету сапасын арттырып, уақытты үнемдеп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашамыз. Цифрлық даму – жарқын болашақтың негізі!
Бүгін мектебіміздің маңында орналасқан сауда орындарында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және зиянды өнімдерді тұтынудың алдын алу мақсатында профилактикалық рейд ұйымдастырылды. Іс-шараны Қарасай АПБ ҚҚБ ЮПБ инспекторы, полиция майоры Р. А. Уркинбаев пен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Э. Бабаханова және М. Омарова бірлесіп жүргізді. Рейд барысында дүкен иелері мен сатушыларға кәмелетке толмағандарға темекі өнімдерін, электрондық …
Асық ату және бес асық спорт түрлерінен Алматы облысының чемпионаты өтті. Жарыс қорытындысы бойынша Қарасай ауданының спортшысы Аблин Олжас I орынға ие болып, Қазақстан Республикасының чемпионатына жолдама жеңіп алды! Жеңімпазымызды құттықтаймыз! Алдағы республикалық додада сәттілік тілейміз!









