«Мөлдір бұлақ» акциясы аясында «Жасыл ел» еңбек жасақшылары Қаскелең өзенінің жағалауын қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізді. Акцияның мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, табиғи аумақтардың тазалығын сақтау және жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Таза табиғат – жарқын болашақтың кепілі!
Цифрлық технологиялар – қоғамның дамуына серпін беріп, күнделікті өмірді жеңілдетудің маңызды құралы. Ал жасанды интеллект (ЖИ) жаңа идеяларды жүзеге асырып, қызмет көрсету сапасын арттыруға және уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Бүгінде цифрландыру арқылы мемлекеттік қызметтерді онлайн алу, ақпаратқа жылдам қол жеткізу және заманауи технологияларды тиімді пайдалану мүмкіндігі кеңейіп келеді. Цифрландыру мен ЖИ – инновацияға жол …
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі бірлесіп бекіткен 2025–2027 жылдарға арналған «Адал азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін ілгерілету жөніндегі жол картасы аясында, «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында «Қарасай ауданының халқына сыбайлас жемқорлық деген ұғымды түсіндіріп, оның пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру» тақырыбында …
Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектептің төңірегінде орналасқан дүкендерге рейдтік тексеріс жүргізілді. Іс-шара полиция капитаны Ертаева Шахноза мен мектеп директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Г.Нығматулла мен А.Тореханұлының бірлесуімен ұйымдастырылды. Рейдтің негізгі мақсаты – оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және зиянды өнімдерді тұтынудың алдын алу. Тексеріс барысында дүкен иелері мен сатушыларға кәмелетке толмағандарға темекі өнімдерін, …
Қарасай ауданы жастар ресурстық орталығының психолог маманы Ақнұр Ақылбекқызының ұйымдастыруымен пробация бөлімінде тіркеуде тұрған 10 азаматтың қатысуымен, психологиялық кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты — қатысушылардың эмоционалдық жағдайын тұрақтандыру, күйзелісті басқару дағдыларын қалыптастыру, жағымсыз эмоциялармен күресу жолдарын үйрету және қиын өмірлік жағдайларда дұрыс шешім қабылдау қабілетін дамыту. Сондай-ақ кездесуге пробация бөлімінің әділет-кіші лейтенанты Әдемі Мақсатқызы және Қарасай …
Республика күніне орай Көксай ауылының тұрғындары, Мәншүк Мәметова атындағы орта мектептің ұстаздары және Іргелі ауылдық округінің жастары туған өлкені абаттандыруға өз үлестерін қосты. Бірлескен жұмыс барысында мектеп аумағы тазартылып, жас ұстаздар 10 ағаш көшетін отырғызды. Округіміздің тазалығы мен көркеюі әрқайсымыздан басталады. Туған жерімізді бірге аялап, таза әрі жасыл мекенге айналдырайық.
Бүгінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналып келеді. Цифрландыру мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттырып, уақытты үнемдеуге және халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Жасанды интеллект пен инновациялық шешімдерді дамыту – экономиканың өсуіне, еңбек өнімділігінің артуына және жаңа мүмкіндіктердің қалыптасуына жол ашады. Цифрлық сауаттылықты арттыру және заманауи технологияларды тиімді пайдалану – болашаққа …
Бүгін Қарасай ауданы әкімінің қатысуымен «Жасыл ел» еңбек жасақшыларының қатысуымен Жасыл Аймақ тақырыбында Жастар аллеясында ағаш отырғызу жұмыстары ұйымдастырылды. Игі бастама ауданның жасыл желегін көбейтуге, қоршаған ортаны қорғауға және жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталды. Жастардың табиғатты қорғауға қосқан үлесі – жарқын болашаққа жасалған қадам!
Құрметті Қарасай ауданының тұрғындары мен қонақтары! Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік – баршамызға ортақ міндет! Қазіргі уақытта облыс аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтардың жолын кесіп, іздеуде жүрген адамдарды анықтау және жол қозғалысы ережелерінің сақталуын …
Қарасай ауданында тұрғындарға қолайлы жағдай жасау және жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдерін кеңінен насихаттау мақсатында «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өз өнімдерін тұрғындарға тікелей ұсынып, азық-түлік тауарларын қолжетімді бағамен сатты. Сауда сөрелерінен ет және сүт өнімдерін, көкөністер мен жеміс-жидектерді және басқа да күнделікті тұтынуға қажетті азық-түлік түрлерін табуға болады.










