Қарасай ауданы жастар ресурстық орталығының психолог маманы Ақнұр Ақылбекқызының ұйымдастыруымен пробация бөлімінде тіркеуде тұрған 10 азаматтың қатысуымен, психологиялық кездесу өткізілді.
Кездесудің мақсаты — қатысушылардың эмоционалдық жағдайын тұрақтандыру, күйзелісті басқару дағдыларын қалыптастыру, жағымсыз эмоциялармен күресу жолдарын үйрету және қиын өмірлік жағдайларда дұрыс шешім қабылдау қабілетін дамыту.
Сондай-ақ кездесуге пробация бөлімінің әділет-кіші лейтенанты Әдемі Мақсатқызы және Қарасай клиникалық көп салалы ауруханасының психолог маманы Арайлым Бақытжанқызы қатысты.
Кездесу барысында стресс ұғымы, оның адам өміріне әсері және күйзелісті жеңудің тиімді тәсілдері талқыланды. Қатысушыларға эмоцияларды басқару, өз-өзін бақылау, жағымсыз ойлардан арылу және қиындықтарға сабырмен қарау бойынша психологиялық кеңестер берілді.

