Республика күніне орай Көксай ауылының тұрғындары, Мәншүк Мәметова атындағы орта мектептің ұстаздары және Іргелі ауылдық округінің жастары туған өлкені абаттандыруға өз үлестерін қосты. Бірлескен жұмыс барысында мектеп аумағы тазартылып, жас ұстаздар 10 ағаш көшетін отырғызды.
Округіміздің тазалығы мен көркеюі әрқайсымыздан басталады. Туған жерімізді бірге аялап, таза әрі жасыл мекенге айналдырайық.

