Көкөзек ауылындағы орта мектебінде мектебінде 8-11 сынып оқушылары арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараны Қарасай аудандық полиция басқармасы қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары — полиция капитаны Әділхан А.Е. және полиция майоры Набилаев Ж.Б. өткізді.
Кездесу барысында оқушыларға «Заң және тәртіп» қағидаты, құқықбұзушылықтың алдын алу, есірткінің зияны және буллингтің алдын алу тақырыптары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Оқушыларға заң талаптарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін білу, айналасындағыларға құрметпен қарау және кез келген құқықбұзушылыққа бейжай қарамаудың маңыздылығы айтылды.

