«Жылдар жүзге әжім салғанымен, білімге деген құштарлық қартаймайды». Осы бір тағылымды сөздің жарқын үлгісі – «Анаға құрмет» музейінің қор сақтаушысы, тарихшы, ардагер маманымыз Жанат Мұхтар.
Саналы ғұмырын тарих пен руханиятқа арнаған ақ жаулықты әжеміз бүгінде республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына өз үлесін қосып келеді.
Зейнеттің рақатын көрер жасқа жетсе де, қолынан кітабын тастамай, білім мен ізденісті өмірлік серігіне айналдырған жан. Қазақ әдебиетінің жауһар туындыларынан үзбей сусындап, рухани қазынасын байыта түсуде.
Ең бастысы, өзі оқып қана қоймай, немерелеріне ертегі айтып, кітап оқып беріп, олардың бойына ұлттық құндылықтарды, қазақы тәрбие мен салт-дәстүрді сіңіріп келеді. Осылайша, ұрпақтар сабақтастығын жалғап, әжелер мектебінің өнегелі үлгісін көрсетуде.

