Мемлекет басшысының Жолдауында көтерілген әлеуметтік және экономикалық міндеттер халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған. Әсіресе, жаңа әлеуметтік нысандар салу, ауыл шаруашылығын қолдау және кәсіпкерлікке қолайлы жағдай жасау – өңірлер үшін аса маңызды мәселелер. Мұндай бастамалар жергілікті жерлерде нақты жүзеге асса, халықтың әл-ауқаты да арта түседі.Талдықорған қаласында өткен кездесудің маңызы зор. Себебі оған Үкімет өкілдері мен депутаттардың қатысуы тұрғындардың көкейіндегі сұрақтарды тікелей жеткізуге мүмкіндік береді.

