Жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Каскелең қаласында көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Экологиялық акцияға мемлекеттік органдардың өкілдері, еңбек ұжымдарының мүшелері және жастар арасынан шыққан еріктілер белсенді қатысты. Іс-шара барысында қаланың орталық көшесі – Абылай хан даңғылының бойына барлығы 150 түп ағаш көшеті отырғызылды. Оның ішінде 100 қарағай мен 50 қайың бар. Сонымен қатар көше бойы қоқыстан тазартылып, аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

