Қарасай ауданында балалар мен жасөспірімдер арасында шахмат чемпионаты өтті. Зияткерлік сайыстың басты мақсаты – жас шахматшылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, шеберліктерін шыңдау және аудан көлемінде шахмат спортын кеңінен насихаттау.
Чемпионат барысында қатысушылар өзара бақ сынасып, стратегиялық ойлау қабілеттері мен спорттық шеберліктерін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша чемпиондар мен жүлдегерлер Алматы облысының чемпионатына қатысуға жолдама алды.

