Шамалған ауылындағы «Үшқоңыр» спорт кешенінде 2011-2012 жылы туған кіші жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында дәстүрлі «Қарасай батыр» дзюдодан турнирі өтті. Аталған жарыс жас спортшылардың шеберлігін шыңдап, дзюдо спортын дамытуға және өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған. Турнир барысында жас дзюдошылар өзара бақ сынап, татамиде жеңіске деген жігері мен дайындығын көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша …
«Таза Қазақстан» акциясы аясында Ұмтыл ауылдық округінің, Алмалыбақ ауылындағы саябақ аумағына 50 түп арша, катальпа және жұпаргүл көшеттері отырғызылды. Саябақтың жасыл желегін көбейтіп, тұрғындар үшін жайлы әрі көрікті демалыс орнын қалыптастыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады. Туған жердің тазалығы мен көркеюі – баршамызға ортақ міндет!
Экологиялық мәдениет қалыптастыру, тұрмыстық қалдықтарға екінші өмір беру, аулаларды көгалдандыру және ауыл тұрғындарына нақты экологиялық шешімдерді көрсету. Алматы облысында Бесағаш ауылында осы бағыттарды қамтитын бірнеше экологиялық жоба жүзеге асырылуда. «ВЕРТИКАЛДЫ ЭКО-АУЛА»: ШАҒЫН АУМАҚТАҒЫ ҮЛКЕН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ШЕШІМ Қазақстандағы өзекті мәселелердің бірі – ірі қалалар маңындағы ауылдардың әлеуметтік-экологиялық жағдайы. Қалаға жақын қоныстанған мыңдаған отбасы бүгінде шағын …
В Астане началась подготовка к празднованию 35-летия Независимости Республики Казахстан. В преддверии государственной даты на зданиях и LED-экранах столицы появилось тематическое праздничное оформление, передает официальный сайт столичного акимата. Праздничные изображения, посвящённые Независимости страны, разместили на 3D LED-экране, колесе обозрения, фасаде здания АО «НК «Қазақстан темір жолы» и других объектах города. Тематическое оформление подчёркивает значимость исторической …
Астанада Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына дайындық басталды. Мемлекеттік мереке қарсаңында елордадағы ғимараттар мен LED-экрандар мерекеге орай безендірілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Еліміздің Тәуелсіздігіне арналған мерекелік бейнелер 3D LED-экранда, алып шолу дөңгелегінде, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ ғимаратының қасбетінде және қаланың басқа да нысандарында көрініс тапты. Мерекеге арналған безендірулер тарихи датаның маңызын айшықтап, елордада …
«Бір мезгілде, бір мақсатта, бірге оқимыз!» республикалық әдеби акциясына Жібек жолы ауылдық округі әкімінің аппараты, қоғамдық ұйым өкілдері, ақсақалдар, әжелер, жастар мен оқушылар ұйымдасқан түрде қатысып, 180-нен астам адамды қамтыды. Республикалық тікелей эфирге қосылған қатысушылар ұлы ағартушының шығармаларын бірге оқып, тағылымды туындыларынан рухани әсер алып, көркем ой түйді. Акция кітап оқу мәдениетін насихаттап, ұрпақтар сабақтастығы …
Ұлттық қор – еліміздің экономикалық тұрақтылығы мен қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды стратегиялық институт. Оның басты мақсаты – Қазақстанның ұлттық байлығын сақтау, оны ұлғайту және қазіргі әрі келешек ұрпақтың игілігіне жарату. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында ұлттық байлықты тиімді басқару, елдің экономикалық әлеуетін арттыру және ұзақ мерзімді …
Бүгінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналып келеді. Цифрландыру мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттырып, уақытты үнемдеуге және халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Жасанды интеллект пен инновациялық шешімдерді дамыту – экономиканың өсуіне, еңбек өнімділігінің артуына және жаңа мүмкіндіктердің қалыптасуына жол ашады. Цифрлық сауаттылықты арттыру және заманауи технологияларды тиімді пайдалану – болашаққа …
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Стоп коррупция!» тақырыбында профилактикалық іс-шара өткізілді. Іс-шараға Қарасай ауданы полиция басқармасының ювеналды полиция тобының инспекторы Төкен Ерболат Сержанұлы, Іргелі ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Мамиев Темірлан Қанатұлы, Қарасай ауданы Жастар ресурстық орталығының маманы Маратов Мейірхан Мұхтарұлы және Іргелі ауылдық округі Жастар ресурстық орталығының маманы Қанағат Толқын спикер ретінде қатысты. …
Қарасай ауданында балалар мен жасөспірімдер арасында шахмат чемпионаты өтті. Зияткерлік сайыстың басты мақсаты – жас шахматшылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, шеберліктерін шыңдау және аудан көлемінде шахмат спортын кеңінен насихаттау. Чемпионат барысында қатысушылар өзара бақ сынасып, стратегиялық ойлау қабілеттері мен спорттық шеберліктерін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша чемпиондар мен жүлдегерлер Алматы облысының чемпионатына қатысуға жолдама алды.










