«Бір мезгілде, бір мақсатта, бірге оқимыз!» республикалық әдеби акциясына Жібек жолы ауылдық округі әкімінің аппараты, қоғамдық ұйым өкілдері, ақсақалдар, әжелер, жастар мен оқушылар ұйымдасқан түрде қатысып, 180-нен астам адамды қамтыды.
Республикалық тікелей эфирге қосылған қатысушылар ұлы ағартушының шығармаларын бірге оқып, тағылымды туындыларынан рухани әсер алып, көркем ой түйді.
Акция кітап оқу мәдениетін насихаттап, ұрпақтар сабақтастығы мен рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.

