«Таза Қазақстан» акциясы аясында Ұмтыл ауылдық округінің, Алмалыбақ ауылындағы саябақ аумағына 50 түп арша, катальпа және жұпаргүл көшеттері отырғызылды.
Саябақтың жасыл желегін көбейтіп, тұрғындар үшін жайлы әрі көрікті демалыс орнын қалыптастыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Туған жердің тазалығы мен көркеюі – баршамызға ортақ міндет!

