Елеулі еңбектің лайықты дәрежеде ескерілуі кім-кімге де болсын қуаныш сыйлап, мәртебесін арттырары анық. Әсіресе, өз салаңда атқарылған жұмыстың құрметке бөленгені көңілді қуантады. Осындай маңызды марапаттың бірі жақында талай жыл аудандағы кәсіпкерлік палатаның тізгінін ұстаған, бүгінде құрметті демалыстағы Орынбай Жанәділге берілді.
Орынбай Басарұлы Қарасай ауданында 2019 жылдан бастап осы жылға дейін кәсіпкерлердің құқығы мен түрлі бизнестің мүддесін қорғайтын «Атамекен» ҰКП-ның Қарасай ауданы бойынша филиалының директоры қызметін атқарды. Оның осы саладағы іскерлігі мен нәтижелі жұмыстары республикалық басшылықтың назараны ілігіп, жоғары кәсбилігі бағаланды. Оған аталмыш мекеменің төралқа төрағасы Райымбек Баталовтың атынан «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Құрметті қызметкері» төсбелгісі берілді.
Бұл марапатты 29 қазан – Қазақстан Кәсіпкерлері күні аясында, Алматы облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Азамат Алиев арнайы түрде Қарасай ауданына келіп, Орынбай Жанәділге ізгі ниетін білдіріп, табыс етті. Азамат Тағаймұратұлы өз сөзінде Орынбай Басарұлының қызметтегі жауапкершілігін бағалап, алдағы ісіне табыс тілеп, ақ тілегін білдірді.
Өз тілшіміз.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
