Тәуелсіз мемлекетіміздің болашағы білімді жастар. Ақылды, ойлы, дарынды жастардан үмітіміз мол .Тұла бойларында түрлі өнердің сәулесі бар қабілетті жастарға қамқор болу, талпынған талабына қолдау көрсету аса маңызды. Кеген ауданындағы Жалаңаш ауылында «Келешек» деп аталатын балаларды дамыту орталығы бар. Дарынды балаларға арналған бұл орталық былтырғы жылдың қазан айынан бастап жұмыс істеп келеді. Мұндай тамаша орталық Іле …
Комитет по делам архивов, документации и книжного дела Министерства культуры и информации РК реализует проект «Архив және болашақ ұрпақ», в рамках которого во всех архивах страны прошли Дни открытых дверей. Не стал исключением и Государственный архив Алматинской области, здание которого находится в селе Алмалыбак Умтылского сельского округа. Участниками Дня открытых дверей стали студенты университета имени …
Облысымызда мектеп тапшылығы ең өзекті толғандыратын тақырыптың бірі деуге болады. Білім саласындағы бұл мәселені шешу мақсатында мемлекеттік жобалардан бөлек, инвестициялар тарту жұмыстары да белсенді түрде жүргізіліп, тиісті жұмыстар атқарылуда. Соның арқасында өңірде бірталай заман табалына сай мектептер салынуда. Мәселен таяуда Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Есік қаласы тұрғындарының қуанышына орай тағы бір мектептің іргетасы қаланды. Нақтырақ айтқанда, …
Шолаққарғалы ауылдық округіне қарасты Үмбетәлі ауылындағы Үмбетәлі Кәрібаев атындағы орта мектебінде жас құтқарушылардың кадет сыныбы ашылды. Бұл – төтенше жағдайлар саласы бойынша Жамбыл ауданында бірінші болып ашылып отырған кадет сыныбы. Жастарды азаматтық қорғаныс бағытында оқытатын кадет сыныбы өз жұмысын жаңа оқу жылымен бірге бастады. Мұнда барлығы 29 оқушы бар, оның 15-і қыз, ал 14-і ұл …
SDU университеті – бүгінде білім беру сапасымен алда тұрған жоғары оқу орындардың бірі. Соңғы уақытта білім ордасы өнертапқыш студенттерімен де ерекшеленуде. Солардың бірі – мұндағы болашақ инженерлер. Олар өз қолдарымен автокөлік құрастырып, халықаралық жарыста топ жарған. Білімгерлер ойлап тапқан отандық өнімге жақында университетке арнайы келген ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев риза болып, алдағы істеріне табыс тіледі. …
Қай кезде де қоғам бала тәрбиесіне бей-жай қарай алмайды. Себебі бала – ертеңгі ел болашағы. Жас ұрпақтың тәрбиесіне баса көңіл бөлуді қолға алған аудандық білім бөлімі аптаның сейсенбісі күні Шамалған ауылдық округінде орналасқан Үшқоңыр орта мектеп-гимназиясында «Білім мен тәрбие – егіз ұғымы» атты облыстық форум өткізді. Қоғамды толғандыратын маңызды тақырыптар талқыланған ауқымды шараға аудан әкімінің …
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2023-2024 оқу жылына бакалавриат бойынша 88 204 білім грантын бөлген болатын. Гранттардың басым бөлігі инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары мамандарын дайындауға арналған. Мемлекеттік грант иегерлерінің статистикалық мәліметіне сүйенсек, SDU University-ге бакалавриат, магистратура мен докторантура бойынша жаңа оқу жылына келген 2447 білімгердің 1741-і мемлекеттік грант иегерлері атанды. Оның ішінде республика …
Конституция күнін мерекелеу аясында Қонаев қаласына қарасты Шеңгелді ауылдық округіндегі Қосқұдық станциясында ел күткен жаңалықтың бірі болды. Жаңа оқу жылының қарсаңында аталған елді мекеннің оқушылары үшін жаңа мектеп ашылды. Ғимараттың салтанатты түрде ашылу шарасына Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, мемлекеттік қоғам қайраткері Қанат Бозымбаев (жақында Президент кеңесшісі болды), Қонаев қаласының әкімі Нұрлан Құматаев, сондай-ақ ақсақалдар, …
Алматы облысы Райымбек ауданында «Damu» инновациялық оқыту және дамыту орталығының салтанатты ашылуы өтті. Орталықты менти Назира Қанапияева ашты. Назира Қанапияева 2022 жылы «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында 5 миллион теңге сомасына қайтарымсыз грант ұтып алды. Алайда ол тек қажетті қаражатқа ие болу жеткіліксіз екенін түсінді. Кәсіпкерге білім, өзіне және өз ісіне деген сенім қажет болды. …