Қарасай ауданында ауылдық медицинаның сапасын жақсарту мақсатында жақсы істер қолға алынуда. Мәселен, мемлекеттің қолдауымен бірнеше елді мекенде дәрігерлік амбулаториялар салынып жатыр. Одан бөлек мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында салынып жатқан медициналық мекемелерді атап өтуге болады. Солардың бірі – «NOVO INVEST» ЖШС-нің қолдауымен «Еламан» медициналық көмек орталығы. Былтыр дәл осы мекеме Елтай ауылдық округіне қарасты Ақсеңгір мен Көктоған …
Кейінгі бірнеше айдың ішінде Қарасай ауданында ауа-тамшылы жолмен өте жылдам тарайтын жұқпалы вирустық ауру болып табылатын қызылша індеті бойынша біраз өсім байқалып, алаңдаушылық туындауда. Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының маманы Жансұлу Мақсатбайқызының мәліметіне сүйенсек, ағымдағы жылдың ақпан айының 13-і күніне дейін осы дерт бойынша 191 жағдай тіркелген. Оның 40-қа жуығы – мектеп пен балабақшала жасындағы балалар. …
Правом на участие в референдуме обладают граждане, достигшие 18-летнего возраста. Референдум проводится на основе добровольного участия, свободного волеизъявления, а также всеобщего, равного, прямого и тайного голосования граждан. На референдум вынесен вопрос: «Принимаете ли Вы новую Конституцию Республики Казахстан, проект которой опубликован в средствах массовой информации 12 февраля 2026 года?». Важен голос каждого из нас! Центральная …
Референдумға қатысу құқығына 18 жасқа толған Республика азаматтары ие болады. Референдум ерікті қатысу, еркін ерік білдіру, сондай-ақ азаматтардың жалпыға бірдей, тең, тікелей және жасырын дауыс беру қағидаттарына сай өтеді. Референдумда «Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сауал қойылды. Әрқайсымыздың дауысымыз маңызды! Қазақстан Республикасының Орталық референдум …
Таяуда елімізде Ата заңымыз, яғни Конституцияға өзгерістер енгізілетіндігі белгілі болған еді. Ал ақпан айының 11 күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумды 15 наурызға белгілеу туралы Жарлыққа қол қойды. Осы ретте еліміздің барлық аймағында үгіт-насихат шаралары қарқын алды. «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүшелері кеше Қарасай …
Бүгін Үштерек ауылының тұрғындарымен де Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тақырыбында кездесу өтті. Кездесу барысында аудандық мәслихат депутаттары Конституцияға енгізілетін негізгі өзгерістер жөнінде ақпарат берілді.
Кезекті кездесу Үшқоңыр спорт кешенінде өтті. Спорт кешеннің қызметкерлерімен Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жұмыс жоспарына сәйкес Алмалыбақ ауылы тұрғындарымен ақпараттық-түсіндіру тобының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тақырыбында кездесу өтті. Кездесу барысында негізгі өзгерістер, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ қоғамдық қатысу мүмкіндіктері түсіндірілді. Ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап беріліп, ақпараттық материалдар таратылды.
15 наурызда өткен референдум – ел өміріндегі маңызды саяси оқиғалардың бірі. Қазақстан Конституциясы – мемлекеттің негізгі заңы, ол елдің саяси жүйесін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын айқындайды. Сондықтан Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесінің бүкілхалықтық дауыс беру арқылы шешілуі – демократиялық қағидалардың көрінісі деп есептеймін. Референдум халыққа өз таңдауын жасауға, ел болашағына тікелей ықпал етуге мүмкіндік …
Бүгін бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес Әйтей ауылындағы Б. Қосынов атындағы орта мектепте ақпараттық-түсіндіру тобының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тақырыбында ауыл тұрғындары мен мектеп ұжымымен кездесу өтті. Іс-шара барысында ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің басым бағыттары, олардың мазмұны мен маңыздылығы жан-жақты түсіндірілді. Қатысушыларға аталған түзетулердің елдің саяси-әлеуметтік дамуына ықпалы кеңінен баяндалды.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)









