15 наурызда өткен референдум – ел өміріндегі маңызды саяси оқиғалардың бірі. Қазақстан Конституциясы – мемлекеттің негізгі заңы, ол елдің саяси жүйесін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын айқындайды. Сондықтан Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесінің бүкілхалықтық дауыс беру арқылы шешілуі – демократиялық қағидалардың көрінісі деп есептеймін.
Референдум халыққа өз таңдауын жасауға, ел болашағына тікелей ықпал етуге мүмкіндік береді. Бұл – әр азаматтың жауапкершілігін арттырып, қоғамдағы белсенділікті күшейтеді. Мұндай саяси қадам билік пен халық арасындағы сенімді нығайтады, себебі маңызды шешімдер жабық түрде емес, көпшілік пікіріне сүйене отырып қабылданады.
Сонымен қатар, Конституцияға енгізілетін өзгерістер мемлекеттің дамуына, басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға және әділетті қоғам құруға бағытталуы тиіс. Егер өзгерістер халықтың мүддесіне сай болып, құқықтар мен бостандықтарды қорғауды күшейтсе, онда мұндай реформалар елдің тұрақты дамуына оң әсер етеді.
Бекжан СҮНБЕКОВ,
Қарасай ауданының мәслихат депутаты.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
