Жұмыс жоспарына сәйкес Алмалыбақ ауылы тұрғындарымен ақпараттық-түсіндіру тобының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тақырыбында кездесу өтті. Кездесу барысында негізгі өзгерістер, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ қоғамдық қатысу мүмкіндіктері түсіндірілді. Ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап беріліп, ақпараттық материалдар таратылды.

