Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында өркениетті, озық әрі жаңарған мемлекетті қалыптастыру – баршамыздың ортақ міндетіміз және келер ұрпақ алдындағы жауапкершілігіміз екенін атап өтті.
Еліміздің жарқын болашағы бүгінгі атқарған ісімізге, сапалы білімге, адал еңбекке және қоғамның бірлігіне тікелей байланысты.
Өскелең ұрпаққа қауіпсіз, дамыған, әділетті әрі мүмкіндігі мол мемлекет қалдыру – әрбір азаматтың ортақ парызы.
Қазақстанның кемел келешегі – бүгінгі ұрпақтың қолында!

