Үшқоңыр су шаруашылығы колледжінің студенттерімен «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында құқықтық түсіндіру және профилактикалық кездесу өтті.
Кездесуге Қарасай аудандық ішкі істер бөлімінің ҚПБ аға жедел уәкілі, полиция капитаны Ж.А. Косимбетов және жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты А. Берікқажы қатысты.
Іс-шара барысында заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың, буллинг пен бопсалаудың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқықтық жауапкершілік мәселелері түсіндірілді.

