Шамалған ауылдық округі аумағында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында профилактикалық рейдтік іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында кәмелетке толмағандардың ата-аналарының (заңды өкілдерінің) қарауынсыз жүру фактілерін, сондай-ақ түнгі уақытта алкоголь өнімдерін заңсыз сату деректерін анықтауға баса назар аударылды.
Рейдтік іс-шараға Қарасай ауданы прокуратурасының қызметкерлері, Қарасай аудандық полиция басқармасының ювеналдық полиция тобының инспекторлары және Шамалған ауылдық округі әкімдігінің мамандары қатысты.
Аталған шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау.

