Жинақталған ұсыныстар еліміздің конституциялық негіздерін одан әрі нақтылап, нығайтуға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Құқықтық нормалардың айқындығын арттыру мен құқық қорғау тетіктерін күшейту Конституцияның тек қағаз жүзінде емес, нақты өмірде тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Преамбуланың рөлін күшейту, құқықтық және зайырлы мемлекет қағидаттарын бекіту, сондай-ақ адам қадір-қасиеті, өмір сүру құқығы, жеке бостандық пен жеке өмірге қол сұқпаушылық мәселелеріне басымдық берілуі қазіргі қоғамның сұранысына толық сай келеді. Әсіресе, дербес деректерді қорғауға назар аударылуы – заманауи құқықтық жүйе үшін аса өзекті.
Жалпы алғанда, бұл өзгерістер конституциялық нормалардың практикалық қолданылуын күшейтіп, оларды түсіндіруде ортақ әрі түсінікті ұстаным қалыптастыруға ықпал етеді деп ойлаймын.
Алтынай Жакатаева,
Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының PhD доктор.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
