Ұсынылған өзгерістер Қазақстанның конституциялық құрылысының берік негіздерін қалыптастыруға және қолданыстағы нормаларды нақтылауға бағытталған маңызды бастама болып отыр. Құқықтық айқындықты арттыру мен құқық қорғау механизмдерін жетілдіру Конституцияның қоғам өміріндегі рөлін күшейте түседі. адам қадір-қасиеті, өмір сүру құқығы, жеке бас бостандығы мен жеке өмірдің қорғалуына ерекше мән берілуі — қазіргі заман талаптарына жауап береді. Бұл азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нақты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Тұтастай алғанда, аталған бастамалар конституциялық нормалардың іс жүзінде тиімді қолданылуына жағдай жасап, оларды түсіндіру мен қолдануда бірыңғай әрі орнықты тәсіл қалыптастырады деп есептеймін.
Қаныбек Айтжанов,
«AMANAT» партиясы Қарасай аудандық филиалының төрағасы, Қарасай аудандық мәслихат депутаты.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
