«Игі істер марафоны» жобасы аясында «Табиғат жанашыры» номинациясы бойынша «Таза аула – таза орта» экологиялық акциясы ұйымдастырылды.
Акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, табиғатқа деген жанашырлықты қалыптастыру және тұрғындарды туған жерін таза ұстауға үндеу.
Іс-шара барысында жастардың қатысуымен Ұлы Отан соғысының батырларына арнап орнатылған ескерткіштің айналасы тазаланып, аумақтағы қоқыстар жиналып, ағаштардың түптері ретке келтірілді. Осылайша, тарихи орынның тазалығы мен көріктілігіне үлес қосылды. 🌿
Табиғатты қорғау – үлкен істен емес, әрқайсымыздың кішкентай игі ісімізден басталады!

