Ұмтыл ауылдық округінің жастары табиғатты қорғау және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды насихаттауға бағытталған экологиялық іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында жастар аумақты тазалап, табиғатты аялау — әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін өз үлгілерімен көрсетті.
Табиғат – болашақ ұрпаққа аманат. Сондықтан қоршаған ортаны таза ұстау, табиғи байлықтарды ұқыпты пайдалану және экологиялық мәдениетті қалыптастыру баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз. Осындай игі бастамалар туған жердің тазалығын сақтауға және қоғамда табиғатқа жанашырлық мәдениетін нығайтуға өз үлесін қосады.

