Жібек жолы ауылдық округінде жастар, жасөспірімдер, кәмелетке толмағандар және орта буын азаматтар арасында құқық бұзушылық, буллинг, зорлық-зомбылық пен суицидтің алдын алу мақсатында «Өмір сүр, үміттен!» атты профилактикалық іс-шара өткізілді.
Кездесуге «Отбасын қолдау орталығының» директоры Елена Владимировна Константинова, Қарасай ауданы ПБ Отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің инспекторы, полиция аға лейтенанты Жансая Әділқызы Даниярова, Қарасай ауданы ПБ учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Нурлан Азимханович Набиев, Қарасай ауданы ПБ ЮПТ полиция майоры Улан Жайыхович Мутаиров, Қарасай ауданы Жастар орталығының психологы Ақнұр Мананбаева қатысты.
Іс-шара барысында мамандар жастар мен жасөспірімдердің сұрақтарына жауап беріп, құқықтық және психологиялық тұрғыдан қажетті кеңестер берді. Сондай-ақ буллинг пен зорлық-зомбылықтың алдын алу, қиын жағдайларда көмекке жүгіну және қауіпсіз мінез-құлық мәселелері түсіндірілді.

