Қарасай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жастарға ақпарат» жобасы аясында аудан аумағындағы базарлар мен адам көп шоғырланатын қоғамдық орындарда ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында тұрғындар мен жастарға мемлекеттік бағдарламалар, жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті қолдау, білім алу мүмкіндіктері және жастарға арналған өзге де мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат қамтылған ақпараттық парақшалар таратылды.
Аталған жұмыстардың негізгі мақсаты – жастар мен тұрғындардың мемлекеттік бағдарламалар туралы хабардарлығын арттыру, қолжетімді мүмкіндіктер жөнінде ақпарат беру және жастардың қоғам өміріне белсенді араласуына ықпал ету.

