Қарасай ауданында Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық сауаттылығын арттыру және жастар тәрбиесіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
Кездесу аясында қатысушылар өзара пікір алмасып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар бойынша ұсыныстарын ортаға салды.

